Қазақстан Түркиямен визасыз режимді кеңейтуді жоспарлап отыр. Тиісті үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжатқа сәйкес, иммигранттардың Қазақстанға келу және болу ережесіне өзгерістер енгізілмек.

Жаңа ереже бойынша, Түркия азаматтарының Қазақстанда болу кезеңі егер мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік 90 күннен аспаса, онда олар күнтізбелік 180 күннен тұратын әр кезең ішінде визасыз Қазақстанда бола алады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Түркия азаматтары Қазақстанда 30 күнге дейін визасыз жүре алады.

"Жобаны қабылдаудың мақсаты – Түркия Республикасымен тығыз ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялық және туристік климатты құру және экономикалық дипломатияны жандандыру", — делінген құжат жобасында.

Жобаны талқылау 28 шілдеге дейін жалғасады, оған мына жерде қатыса аласыз.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз