Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жұптық сында ұлыбританиялық Эмма Радуканумен бірге Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық-ұлыбританиялық жұп ширек финалда мексикалық Джулиана Олмос – индонезиялық Алдила Сутджиадимен кездесті.
Рыбакина – Радукану 7:6 (8:6), 6:4 есебімен басымдылық танытты.
Елена Рыбакина – Эмма Радукану финалға шығу үшін қытайлық Чжан Шуай – америкалық Тэйлор Таунсендпен ойнайды.
Еске салайық, Қазақстанның бірінші, әлемнің 30-ракеткасы Александр Бублик Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алғанын хабарлаған едік.