TikTok-тағы видеоларымен танымал болған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялап, оқырманын алаңдатып қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астанадағы мемлекеттік мектептердің бірінде директор қызметін атқаратын Ақмоншақ Нұртаза желідегі түрлі видеоларымен танымал. Ол жақында желідегі парақшасында оқырманын алаңдатқан жазба жариялады.

"Бәрін тоқтаттым. Мектеп, қызмет, әлеуметтік желі",- деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.

Бұл жазбасын желі қолданушылары әртүрлі түсінген. Бірі директорлықтан кететіне сенбей, пранк десе, басқалары қызметін тастамауға шақырған, енді бірі оны депутат болады деп жорамалдаған.

"Неге? Сізді керемет ұстаз, директор деп көрсетіп жүр едім. Қайта келіңіз", "Депутат боласыз-ау", "Қысқасы – пранк", " Кетпеңіз! Сіз балаларға керексіз! Ата-аналарға керексіз! Мұгалімдерге үлгісіз! Сізді жақсы көріп қалдық", "Ал біз қолдаймыз! Алла денсаулық берсін, отбасыңа амандық! Басқасы — өткінші", "Ертеңгі күнің бүгінгіден де керемет болсын", — деп пікір қалдырды олар.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз