Астана мен Алматыда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Шымкент тұрғындарының жолы болмай тұр, өйткені олардың мегаполисінде +40°С-қа жететін аптап ыстық болады деп күтілуде. Бұл туралы Zakon.kz сайтына "Қазгидромет" РМК ұсынған 26, 27 және 28 шілдеге арналған болжамда айтылған.
Астана қаласының ауа райы болжамы
26 шілде: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°C, күндіз +26+28°C.
27 шілде: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, күн күркіреп, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°C, күндіз +23+25°C.
28 шілде: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°C, күндіз +23+25°C.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
26 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°C, күндіз қатты ыстық +36+38°C.
27 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +23+25°C, күндіз қатты ыстық +36+38°C.
28 шілде: құбылмалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +23+25°C, күндіз қатты ыстық +33+35°C.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
26 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +21+23°C, күндіз қатты ыстық +38+40°C.
27 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +22+24°C, күндіз +35+37°C.
28 шілде: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +20+22°C, күндіз +35+37°C.
Бұған дейін синоптиктер циклон Қазақстанға жаңбыр мен шаңды дауыл әкеледі деп хабарлаған болатын.