Жаңақорғанда қиын жағдайға тап болған отбасыға "Қазавиақұтқару" АҚ құтқарушылары шұғыл көмекке келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ тікұшағының экипажы Жаңақорған ауылынан Қызылорда қаласына жаңа туған сәбиді жедел жеткізді.
"Сәбиді шұғыл ауруханаға жеткізу қажет болды. Медициналық бригаданың ұшқыштары Данияр Мырзахметов пен Елдос Бақтыбайдың үйлесімді жұмысының арқасында бала анасымен бірге қауіпсіз және жылдам түрде медициналық мекемеге жеткізілді, онда оған қажетті көмек көрсетілді", делінген хабарламада.
Бұған дейін ҚР ТЖМ Жетісу облысындағы өртті сөндіру үшін тікұшақ жұмылдырғанын жазғанбыз.