26 шілде күні Петропавлдағы Интернационал көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде үшінші қабаттағы электр қалқанында сымдар тұтанып, өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кезінде кіреберісте қою түтін пайда болып, тұрғындарға қауіп төндірген.
"Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖД бөлімшелері жетіп, тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында баспалдақ арқылы 45 адам, соның ішінде 15 бала эвакуацияланды", — делінген хабарламада.
Өрт кезінде ешкім зардап шекпегені нақтыланды.