Ақтөбедегі бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік аумағында автокөлік дөңгелектері мен екі жүк көлігі отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Курсант тасжолы маңында болған.
"Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 70 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", — деді ведомство өкілдері.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.