Синоптиктер 2025 жылғы 29 шілде, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" мәліметінше, солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстігі мен орталығында жаңбырдың күшейе түсуі мүмкін. Кейбір өңірлерде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Сонымен қатар, аптап ыстық сақталады.
"Жетісу облысында, Абай облысының оңтүстігінде және Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күндізгі температура +35…+36°C-қа дейін жетеді", — делінген "Қазгидромет" хабарламасында.
Өрт қаупі де жоғары деңгейде сақталады:
Жоғары өрт қаупі:
- Абай облысында,
- Шығыс Қазақстан облысының шығысында,
- Қостанай облысының батысы мен шығысында,
- Павлодар облысының батысы мен шығысында,
- Қарағанды облысының солтүстігінде,
- Маңғыстау облысының оңтүстігінде,
- Жамбыл облысының шығысында.
Аса жоғары, төтенше өрт қаупі:
- Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарында,
- Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында,
- Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында,
- Ұлытау облысында,
- Атырау облысының оңтүстігі, солтүстігі және шығысында,
- Маңғыстау облысының солтүстігі, батысы мен орталығында,
- Қостанай облысының оңтүстігінде,
- Абай облысының солтүстік-батысы, орталығы және оңтүстігінде,
- Шығыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде.