Синоптиктер 2025 жылдың 1 тамызында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы жұма, 1 тамызда күндіз қатты ыстық болады:
- Алматыда: +35°C дейін,
- Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында: +35+36°C дейін,
- Маңғыстау облысында: +38°C дейін.
"Циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсерінен найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады, жаңбыр жауады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша желдің екпін алуы күтіледі, күндіз еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Қазақстанның солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады деп болжанады", делінген синоптиктер хабарламасында.
Сонымен қатар, гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, мынандай табиғи қауіптер күтіледі:
- жоғары өрт қаупі: Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында,
- төтенше өрт қаупі: Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, батысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкентте тамыз айының басында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.