Өскемен қаласында бесінші қабатта тұратын 83 жастағы әже терезе жуамын деп құлап кетті, деп хабарлайды kazinform.kz.
"Анықталғандай, қарт әйел бесінші қабатта терезе жуған кезде қауіпсіздікті сақтамаған. Соның салдарынан құлап кетіп, алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды", — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қалалық прокуратураның мәліметінше, былтыр Өскеменде 4 адам терезеден құлап кетсе, биыл мұндай 7 оқиға тіркелген. Оның үшеуінде көз жұмғандар — балалар.
Осы ретте, тәртіп сақшылары халыққа қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдары қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкіндігін ескертті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз