Қостанай облысы Лисаков қаласында кәмелетке толмағандардың әрекетіне қатысты сот отырысы болып өтті. Жасөспірім екі қыз екінші бір кәмелетке толмаған қызды ұйықтап жатқан кезінде металл қалақпен күйдірген. Сот қызға қатысты заңсз әрекет жасағандардың ата-анасынан моральдық шығын өндірілді, деп хабарлайды Қостанай соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қостанай соттары баспасөз қызметі ұсынған мәліметтерге сай, кәмелетке толмағанға қатысты заңсыз әрекеттер жасағаны үшін моральдық зиян өндірілген.

"Лисаков қалалық соты ата-аналардан кәмелетке толмаған балаларының заңсыз әрекеттерінен келтірілген моральдық зиянды өндіріп алу туралы азамат Ч-ның талабы бойынша азаматтық істі қарады.

"Сот 2025 жылдың сәуірінде кәмелетке толмаған М. және К.-ның Лисаков қаласында пәтерде тамақ дайындауға арналған металл қалақты газ плитасына қыздырып, ұйықтап жатқан кәмелетке толмаған қыздың сол жақ бетін, оң аяғын және сол қолын қасақана күйдіріп, соңғысының денсаулығына зиян келтіріп, моральдық азап тарттырғанын анықтады. Кәмелетке толмағандар қыздардың ата-аналары ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулылары заңды күшіне енді", — делінген хабарламада.

Азаматтық істі қарау нәтижесінде талапкердің моральдық зиянды өтеу туралы талабы ішінара қанағаттандырылған. Жауапкерлерден 1 000 000 теңге мөлшерінде сома өндірілді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз