Қазақстандық Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Польшаның Висла қаласында өткен Гран-при кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық жарыста ел намысын қорғаған отандасымыз жекелей сайыста күміс жүлдеге қол жеткізді.

Австрия спортшысы Никлас Бахлингер жеңімпаз атанды.

Үшінші орын Болгария өкілі Владимир Зографскийге бұйырды.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында польшалық Ига Швентектен жеңіліп қалғанын хабарлаған едік.