ЦДИАӨМ "электрондық үкімет" порталы және ақпараттандыру объектілері арқылы көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу бойынша пилоттық жобаны жүргізу туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Юрист. Параграф.

Портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет:

  • көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару;
  • көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру.

Пилоттық жобаны іске асырудың жоспарланған мерзімі – 2026 жылдың 31 тамызына дейін.

Жоба "Ашық НҚА" порталында 02.09.2025 жылға дейін орналастырылған.