Есіл өзенінің жағасында орналасқан Кенесары ханның жөндей жұмыстарынан өткен ескерткіші елордадағы бұрынғы орнына қайта қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 25 мамырда мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

"Астанадағы Кенесары ханның ескерткіші жөндеу жұмыстарынан өтіп, қайта орнатылды! Қазір ескерткіш айналасында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде",- деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erlan Karin (@erlankarin2019)

Еске салсақ, 2023 жылдың күзінде әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне тапсырылған болатын.