Жазғы маусым Қазақстанда демалыс пен қарқынды еңбектің ұштасатын кезеңі болып саналады.
HeadHunter (hh.kz) компаниясы жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтарда жаз мезгіліне арналған бірыңғай жоспар жоқ.
Бірі — демалысты қалайды, бірі — бар күшін жұмысқа салады, ал енді бірі — жағдайды бағалап, соғанқарай әрекет етеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Зерттеуге еліміздің әртүрлі өңірлерінен 370-тен астам қазақстандық қатысты. Сонымен зерттеу нәтижесі мынадай болды.
Қазақстандықтар үшін жаздың мәні қандай?
- 34% — барлығы жылға байланысты: кейде демалады, кейде жұмыс істейді;
- 32% — жаз десе, бірден демалыс пен тынығу еске түседі;
- 31% — бұл кезең қарқынды еңбек уақыты;
- 24% — тыныш, баяу еңбек етуге мүмкіндік;
- 14% — қайта ойланып, күзгі жоспарлар жасау уақыты;
- 2% — "басқасы" деген нұсқаны таңдады.
*Әрбір респондент бірнеше жауап нұсқасын таңдай алды.
Қорытынды:
Қазақстандықтардың жазға деген көзқарасы әртүрлі. Бірінші кезекте — жеке көзқарас: 34% жағдайға байланысты шешім қабылдайды. Демалыс пен қарқынды жұмыс шамамен тең дәрежеде — тиісінше 32% және 31%. Бұл жаз мезгілі жиі "демалыс" уақыты емес, қайта жаңғыру, жұмыс және жеке жоспарлар арасында таңдау жасау кезеңіне айналып бара жатқанын білдіреді.
Биыл жазда демалуды жоспарлап жүрсіз бе?
- 26% — жоспарланғанымен, нақты мерзімдері әлі белгісіз;
- 21% — демалыс мерзімі алдын ала белгіленген;
- 24% — мүлдем демалуды жоспарламайды;
- 19% — сәті түссе, мүмкін демала жатармыз;
- 14% — тек қысқа мерзімді үзілістер;
- 1% — басқасы.
*Әрбір респондент бірнеше жауап нұсқасын таңдай алды.
Қорытынды:
Тек әр бесінші қазақстандық қашан және қалай демалатынын нақты біледі. Қалғандары жоспарлау процесінде немесе демалыс алу мүмкіндігіне күмәнмен қарайды. 24% респондент демалуды мүлдем жоспарламайтынын айтты. Бұл жағдай жоғары еңбек жүктемесі, кәсіби мақсаттар немесе ресурстардың тапшылығынан туындауы ықтимал.Одан бөлек, 14% қатысушылар қысқа мерзімді үзілістерді — микродемалысты — таңдады.
Қорытынды: демалыс енді жаздың міндетті бөлігі ретінде қаралмайды.
Демалысты қайда өткізуді жоспарлап отырсыз?
- 26% — өз елінің аумағында;
- 20% — басқа елде;
- 18% — өз қаласында;
- 18% — демалысты жоспарламайды;
- 16% — әлі нақты шешкен жоқ;
- 10% — ел ішінде де, шетелде де сапарларға кезек береді;
- 1% — басқасы.
*Әрбір респондент бірнеше жауап нұсқасын таңдай алды.
Қорытынды: Ішкі туризм тұрақты көшбасшы болып табылады: 26% респондент Қазақстан бойынша саяхаттауды жоспарлап отыр. Шетелге сапарға 20% қызығады — бұл шамамен әр бесінші адам. Дегенмен, өз қаласында қалуды жоспарлайтындар бар (18%), сондай-ақ мүлде демалыс жоспарламайтындар да бар (18%). Таңдау жасай алмай жүргендер — тағы 16%. Бұл келесі фактіні дәлелдейді: демалыс туралы ойлайтындардың арасында да ортақ пікір жоқ — демалыс үлгілері әртүрлі және жеке жағдайларға тәуелді.
Жазда сіздің жұмыс ырғағыңыз қалай өзгереді?
29% — жиі өзгеріссіз қалады;
22% — басқа маусымдардағыдай икемді жұмыс істеймін;
21% — жұмыс жүктемесі артады;
20% — жайлырақ болады;
17% — әріптестердің демалыстары салдарынан қиындайды;
1% — басқасы.
*Әрбір респондент бірнеше жауап нұсқасын таңдай алды.
Қазақстандықтардың үштен бір бөлігінің жаз айларындағы жұмыс ырғағы тұрақты болып қалады. Қазақстандықтардың 22%-ында икемді жұмыс форматы сақталуда, бұл қашықтан және жоба бойынша жұмыс түрлерінің өсуін көрсетуі мүмкін. 21%-ында жаз айларында жұмыс жүктемесі, керісінше, артады — яғни әрбір бесінші адам іскерлік белсенділіктің жоғары маусымына кіреді. Жұмыс ырғағының төмендеуін тек әрбір бесінші адам (20%) сезінеді. Жаз көпшілік үшін жеңілдік әкелмейді — жұмыс ырғағы жоғары деңгейде сақталып отыр.
Сауалнама қорытындысы көрсеткендей, қазақстандықтар жаз маусымын әртүрлі қабылдайды — ол еркіндік пен бейімделу ортасы ретінде қарастырылады.
Негізгі қорытындылар:
- 34%-ы жағдайға қарай әрекет етіп, демалу немесе жұмыс істеуді таңдайды;
- тек 21%-ы қашан және қалай демалатынын дәл біледі;
- 24%-ы мүлдем демалыс жоспарламайды;
- 26%-ы ішкі туризмді таңдайды;
- 29%-ы жаз маусымындағы әдеттегі ырғағын сақтайды, ал 21% үшін ол тіпті шиеленісе түседі.
Жұмыс нарығы үшін бұл айқын белгі: жаз "өлі кезең" болуды тоқтатты. Жұмыс істеу, демалу немесе жаңа көзқарас қалыптастыру — әркім өзі таңдайды, және мұнда Қазақстандағы өмір мен мансаптың жаңа сапасы жатыр.