Әлемнің бұрынғы 20-шы ракеткасы, қазір – жаттықтырушы Дмитрий Тұрсынов қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның болашағы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz ақпаратынша, ресейлік маман Еленаны үздік үштікке бағалап отыр.

"Елена – талантты және дарынды теннисші. Ол өз формасын алады деп үміттенемін. Рыбакина бірінші үштікке жақсы бәсекелестік жасай алар еді", – деді Дмитрий Тұрсынов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dmitry Tursunov (@tursunov_tales)

Дмитрий Тұрсынов бұған дейін Арина Соболенко, Анетт Контавейт, Белинда Бенчич және Вероника Кудерметова сияқты теннисшілерді жаттықтырған.

Бұған дейін 23 мамырда, Рыбакинаның жарыстарда биылға алғаш рет финалға шыққандығы хабарланған болатын.