2025 жылдың 25 мамырында Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында жантүршігерлік жол апаты болды. Жүргізуші жол жиегінде тұрған екі жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға Абай көшесіндегі дәмхананың жанында болған, деп хабарлады полиция департаменті.

"Полиция қызметкерлері мас күйінде болған жүргізушіні дереу ұстады", – дейді Ұлытау облыстық полиция департаменті.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Полиция қазіргі уақытта жасөспірімдердің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деп сендіреді.

"Іс бойынша материалдар сотқа жолданды және жақын арада тиісті шешім қабылданатын болады. Тергеу барысы облыс полиция департаменті басшылығының бақылауында", — деп хабарлады ПД-дан.

10 мамырда Алматыда жасөспірім BMW-мен жаяу жүргіншіні қағып, мерт етті.