Таңертеңгі физикалық белсенділік өмірді ұзартады. Бұл туралы эндокринолог Зухра Павлова мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Эндокринолог таңертеңгі уақытта белсенді жүретін қарт адамдардың күндізгі немесе кешкі уақытта белсенді жүретіндерге қарағанда жүрегі мен өкпесінің жағдайы жақсы болатынын айтты. Сонымен қатар, дәрігердің сөзінше, күннің бірінші жартысында спортпен айналысу өмір сүру ұзақтығын арттырады.

Зухра Павлова ерте тұру 65 жастан асқан адамдар үшін айтарлықтай пайдалы екенін де айтты.

"Тіпті таңертең жай ғана серуендеу ұзақ өмір сүруге ықпал етеді", — деді дәрігер.

Еске салайық, бұған дейін іш қатудан арылуға көмектесетін 4 жаттығу аталды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget