2025 жылғы 27 мамырда үкіметтегі брифинг барысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Қазақстанда электр энергиясы тарифтерінің өсу себептерін атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер жылу және электр энергиясы тарифтерінің өсу мүмкіншілігін сұрады.

"Жалпы тариф қалыптастыру бойынша – жылу және бөлшек нарыққа қатысты бізде бұл мәселемен Табиғи монополияларды реттеу комитеті айналысады. Бұл – Ұлттық экономика министрлігіндегі әріптестеріміздің құзыреті, сұрап отырғаныңыз біздің жұмысымызға кірмейді. Біз тек генерация деңгейіндегі электр энергиясының тарифтерін бекітеміз. Өсім, әрине, болады, бірақ біз оны жылына бір рет көтереміз – бұл 1 ақпанда, сондықтан келесі өсім келесі жылы, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін болмайды. Тек төтенше жағдайлар туындаған жағдайда – мысалы, көмір бағасы өссе өзгерістер қарастырылуы мүмкін", – деп жауап берді Сұңғат Есімханов.

Оның айтуынша, энергия көздеріндегі электр энергиясы құнының артуы бірнеше факторға байланысты:

  • көмірдің қымбаттауы,
  • кадр мәселелеріне байланысты жалақының өсуі,
  • қосалқы бөлшектердің бағасының көтерілуі.

Сұңғат Есімханов бұл шығындардың барлығын жылумен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету үшін ескеру қажет екенін айтты. Сонымен қатар, ол атап өткендей, тарифтердің өсуі белгіленген инфляциялық дәліздер шегінде жүзеге асырылады.

Бұған дейін Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болғандығы хабарланған болатын.