Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы турнирде алғашқы медалін жеңіп алды. Оның авторы — Ясмина Тоқсанбаева.

Спортшы 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола жүлдені иеленді. Тоқсанбаева бұл қашықтықты 01:32:22 уақытта жүріп өтті.

Бірінші орынды қытайлық Инь Хан жеңіп алды — 01:30:44. Одан кейін мәре сызығын тағы бір Қытай спортшысы Ма Ли кесті — 01:32:08.

Ерлер арасындағы осы бағдарламада Георгий Шейко сегізінші орынға табан тіреді.