27 мамыр күні әйгілі көпкүндік веложарыс – "Джиро д’Италия" аясында ең қиын саналатын 16-шы корольдік тау кезеңі өтті. Бұл сында Қазақстанның “Астана” командасының италиялық шабандоздары Кристиан Скарони мен Лоренцо Фортунато да жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана" командасының екі велошабандозы мәре сызығына қатар келіп, бір-бірінің қолын көтере отырып, жарысты бірге аяқтады.
Лоренцо Фортунато мәреге бірінші жеткенімен, жеңісті өзінің досы әрі Astana XDS командасындағы әріптесі Кристиан Скарониге берді. Нәтижесінде 16-кезеңнің ресми жеңімпазы ретінде Скарони танылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Giro d’Italia (@giroditalia)
Бұл жарыста 203 шақырымдық қашықтықты үшінші болып тағы бір италиялық – Джулио Пелицарри бағындырды.
Осылайша, қазақстандық велокоманда "Джиро-2025" жарысындағы алғашқы әрі маусымдағы ең ірі жеңісіне қол жеткізді.
16-кезеңнен кейін "Астана" командасының өкілі Лоренцо Фортунато "Үздік таулы шабандоз" атағы бойынша көшбасшылықты сақтап қалды.