Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысыныңбірқатар жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге бөлінген 191 млн теңге бюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Ветеринариялық қызметі басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру фактісі тергеліп жатыр.

Соттың санкциясымен көрсетілген тұлғалар қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.