Ресей спорт командалары, оның ішінде шайбалы хоккейден Ресей ұлттық құрамасы 2026 жылғы Олимпиада ойындарына жіберілмеді, деп хабарлайды DW басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы сейсенбі, 27 мамырда Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) мәлімдеді.

Онда Ресейдің Украинаға қарсы соғысына байланысты салынған тиісті тыйым күшінде қалатыны көрсетілген. ХОК мәлімдемесіне ресейлік БАҚ-тағы Ресей хоккей федерациясы мен Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) өкілдерінің Ресей хоккей командасын Олимпиадаға жіберу мүмкіндігіне қатысты талқылау туралы хабарламалар негіз болған.

"ХОК Атқарушы кеңесінің 2023 жылғы наурыздағы ресейлік төлқұжаты бар спортшылар командаларына қатысты ұсынысы күшінде қалады. Бұл шешім жеке спорт түрлері бойынша жарысатын бейтарап статусы бар спортшылар тобы команда болып саналмайтынына негізделген. IIHF бұл ұсынысты орындайтынын растағанын ескереміз", — делінген комитет хабарламасында.

ХОК мұқият тексергеннен кейін Ресей мен Беларусьтің біраз спортшысы 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына бейтарап спортшы ретінде қатысуға рұқсат алды, яғни ұлттық рәміздерсіз өнер көрсетті.