Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов мәжіліс кулуарында Алматы облысындағы мектеп бітіру кешінде көз жұмған оқушы өліміне қатысты істің мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Кәмелетке толмаған күдікті сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Қасақана кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Тергеу шаралары белсенді жүргізіліп жатыр,

Мектеп директоры қызметінен босатылды, оқу ісі бойынша меңгеруші мен екі сынып жетекшісі қатаң жазаға тартылды. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", — деді Санжар Әділов.

Оның айтуынша, мектеп бітіру кешіне қатысты республика бойынша хабарламалар жіберілген.

"Соңғы қоңырау шарасы үш мыңнан астам мектепте болды, полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Өкінішке қарай, мектеп директорларына, сынып жетекшілеріне, білім бөлімдеріне сұрағымыз бар, қылмыстық заңнама аясында (олармен жұмыс істейміз – редактордың ескертпесі)", — деді ол.