ЦДИАӨМ 2025 жылғы 22 мамырдағы бұйрығымен есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға немесе дамытуға байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау қағидалары бекітілді.

Байланысты гранттар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донордан одан әрі қарыз алуын немесе байланысты грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды көздейтін гранттар.

Есептік айдан кейінгі айдың жиырмасында байланысты гранттарды іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілеттік немесе атқарушы органдары байланысты гранттарды пайдалану барысы туралы есеп нысаны бойынша уәкілетті органға есептілік нысандарын ұсынады.

Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдарынан келіп түскен есептілік пен ақпаратты уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.

Бағалау қорытындысы бойынша уәкілетті орган байланысты гранттарды пайдалану бойынша қол жеткізілген нәтижелерді жақсарту, түзету бойынша ұсынымдарды қалыптастырады.

Ұсынымдарды уәкілетті орган есептілік пен ақпарат берген орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органдардың атына жібереді, көшірмесі бюджеттік саясат жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.

Бұйрық 2025 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.