Қытайда алғаш рет роботтар арасында бокстан ресми турнир өтті. Ерекше жарыстың ережесі кәдімгі боксқа ұқсас. Яғни қарсылас құлап, сегіз секундта секіріп тұрмаса, же­ңілгені деген сөз.

Ақылды құлтемірлер қашықтан басқарылады. Олар адамның қимыл-қозғалысын айна-қатесіз қайталайды. Жылдамдығы – секундына екі метрге дейін, ал соққысы өте дәл әрі жойқын. Ғалымдардың айтуынша, болашақта мұндай роботтар кәсіби боксшыларға жаттықтырушы болуы бек мүмкін.