Қазақстанда президент өкілеттілігі бір реттік 7 жылдық мерзіммен шектелген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі.

"Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда ауқымды экономикалық және институционалдық реформалар жүргізілді. Біздің мақсатымыз айқын – барынша әртараптандырылған, инклюзивті және келешекке бағдарланған экономика құру. Экономикалық өсім орнықты болумен қатар, оның игілігі әр азаматқа әділ бөлінуге тиіс. Елімізді түбегейлі жаңғыртып, Әділетті Қазақстанның негізін қалау үшін мемлекеттілікті нығайтуға көп күш-жігер жұмсап жатырмыз. Жалпыұлттық референдум арқылы Конституциямызға өзгеріс енгізіліп, басты билік институттарына реформа жасалды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан суперпрезиденттік жүйеден бас тартқанын еске салды.

"Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидасын басшылыққа алатын, тежеу мен тепе-теңдік жүйесі бар президенттік республика жолын таңдадық. Бұл тұжырым Қазақстандағы саяси жүйенің ерекшеліктеріне мейлінше лайықты модель екеніне кәміл сенемін. Президент өкілеттілігі бір реттік 7 жылдық мерзіммен шектелді. Мұндай шешім бұрын-соңды қабылданбаған. Менің ойымша, бұл қадам еліміздің саяси жүйесін нығайтуға, экономикасын дамытуға және өркениетті қоғам құруға негіз болады. Президент – халықтың белгілі бір мерзімге, біздің жағдайымызда жеті жылға жалдаған менеджері"", – деді мемлекет басшысы.


  • Президент: Өзге халықтардың тарихы мен мәдени дәстүрлерін менсінбеуге жол берілмейді
  • Тарихи тұжырымдар мен саяси араздыққа негізделген әскери қақтығыстар мен соғыстар ақылға қонбайды – Тоқаев