2025 жылғы 29 мамырда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтардың қанша жастан бастап жүргізуші куәлігін ала алатыны туралы маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сұрақты еліміздің тұрғындарының бірі жолдаған. Сауал келесідей:
"Сәлеметсіз бе! Жүргізуші куәлігін қанша жастан бастап алуға болады?"
"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы бұл ретте, жас шектеуі бар екенін растап, келесідей ақпарат таратты.
Мысалы, 16 жастан бастап қозғалтқыш көлемі 125 текше сантиметрге дейінгі көлік құралын басқаруға арналған А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуға болады.
Ал 18 жасқа толғаннан кейін азаматтар А, В, В1 және С1 санаттарындағы жүргізуші куәлігін алуға құқылы.
Бұған дейін Үлкен Алматы айналма жолы арқылы жарты бағамен жүруге болатындығы хабарланған болатын.