Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция астанасы Парижде өтіп жатқан "Үлкен дулыға" санатындағы "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұл айналымда тайваньдық Джоанна Гарлендпен шеберлік байқасты.
Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте 7:6(5), 6:3 есебімен жеңді.
Путинцева матч кезінде бір эйс пен бір қос қателік жасап, 16 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 62-ракеткасы Александр Бублик Франция ашық чемпионаты — 2025 турнирінің екінші айналымында Аустралия өкілі, әлемнің 9-ракеткасы Алекс де Минорды жеңгенін хабарлаған едік.