"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 30 мамырда елдің Шымкентте және тағы 15 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында,орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық 35-38 градус күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысында солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада 16:00 сағаттан 20:00 сағатқа дейін найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.