Анонимді хабарламадан кейін прокуратура мен полиция жанжалдың алдын алды.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы іске қосқан "URPAQ" жобасы арқылы жасөспірімге қатысты жасалмақ болған зорлық-зомбылықтың алдын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сәуір айында чат-ботқа кәмелетке толмаған баладан өзіне қарсы топтық күш қолдану жоспарланып жатқаны туралы анонимді хабарлама түскен. Тарбағатай ауданының прокуратурасы мен полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, жанжалды дер кезінде тоқтатты.
Қазіргі уақытта жасөспірімнің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Оқиғаға қатысы бар жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, барлық қатысушылармен профилактикалық және психологиялық жұмыстар жүргізілді.