Маңғыстау облысында автокөліктің өртенгеніне ондаған адам куә болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz басылымының жазуынша, өрт 2026 жылғы 13 мамыр күні болған. Оқиға туралы хабарлама сағат 21:01-де түскен. Өрт Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылының 1-шағынауданындағы №67 үй маңында шыққан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от 112 — Ақтау — Актау (@112_aktau)
Оқиға орнына №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жедел жеткен. Анықталғандай, Mercedes маркалы автокөліктің мотор бөлігі өртенген.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрт толықтай 21:15-те сөндірілді.