Қазақстанның ерлер құрамасы қылыштасудан Мысыр астанасы Каирде өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Халықаралық жарыста ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
- Бексұлтан Әбжал
- Қуаныш Ерғашбай
- Жанат Нәбиев
- Қайназар Нұрқатұлы
- Нұрсат Айтмырза
- Артём Саркисян
- Сұлтан Станбек
- Нұрмұхаммед Жайлыбай
- Артур Чупраков
- Назарбай Саттархан
Әлем кубогының кезеңі 22-23 мамыр күндері өтеді.
Айта кетейік, Нұрмұхаммед Жайлыбай биыл сәуір айында Бразилияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған еді.