Ақтауда аулалардың бірінде полиция қызметкері қызметтік көлікпен бір жарым жасар баланы қағып кеткен. Салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 13 мамырда 27-шағынауданда болған. Маңғыстау облысы Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", — деп жазылған хабарламада.

Ведомство қаза тапқан баланың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтты.

Полиция департаменті басшылығы бұл оқиғаны ерекше бақылауға алды. Тергеу қорытындысы бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданатыны айтылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget