Бүгін Үндістанның Гуджарат штатындағы Ахмедабад әуежайының маңында бортында 244 адам болған ұшақ апатқа ұшырады. Бұл рейсте қай елдің азаматтары болғаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақпаратты Air India компаниясы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
"Ахмедабадтан 13:38-де көкке көтерілген рейсте, Boeing 787-8 ұшағының бортында 242 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Оның 169-ы Үндістан азаматы, 53-і Ұлыбритания, біреуі Канада, жетеуі Португалия азаматы.
Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіліп жатыр", — деп хабарлады әуе компаниясы өкілдері.
Сондай-ақ Air India оқиғаны тергеп-тексеріп жатқан билік органдарына толыққанды ынтымақтастық қамтамасыз етілетіні хабарланды.
Еске сала кетейік, Үндістанның Гуджарат штатындағы Ахмедабад әуежайының маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлағанбыз. Бортта, алдын ала мәлімет бойынша, 240-тан астам адам болды.
Ұшақ 12 маусымда көкке көтерілгеннен кейін көп ұзамай құлаған. Апатқа ұшыраған Boeing 787-8 Dreamliner ұшағы Лондонға бағыт алған еді.
Кейін БАҚ ұшақ апатынан аман қалғандар барын хабарлады.