Дәрігерлер Алматыда газ жарылысынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, Орталық қалалық клиникалық ауруханаға екі пациент жеткізілген.

"Барлық қажетті тексеру жүргізілгеннен кейін оларға жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозы қойылды. Пациенттердің жағдайы тұрақты, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Қаралғаннан кейін олар амбулаториялық ем алуға жіберілді", – деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, оқиға 16 шілдеде Бұқар жырау бульвары бойында болған. Орта қысымды жаңадан салынған жерасты газ құбырын қысыммен сынау жұмыстары кезінде газ шығуы тіркелген. Төтенше жағдай салдарынан автокөлік аударылып, жол жабыны зақымданған. Жүргізуші мен жолаушы зардап шекті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget