Екібастұзда екі ірі кәсіпорын 1 млрд теңгеге жуық салық төлемеген. Мұны облыстық прокуратура анықтады. Мәселен, Нұржанов атындағы МАЭС-1 стансасы 421 млн теңге салықтан жалтарған. Ол үшін жөндеу жұмыстары кезінде пайдаланған материалдарды кіріс әкелмейді деп көрсетіп, салық міндеттемесін шегерген.
Ал вагон жасау компаниясы басқа қулыққа барған. Олар өткізілген өнімнің айналымдағы қаржысын төмендетіп көрсеткен. Осылайша мемлекетке тиесілі салық көлемі 550 млн теңгеге азайған. Прокурорлар тексерісінен кейін бюджетке 970 млн теңге қайтарылды.
Болат Аманбай