Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жастармен кездесті.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында аймақтың түкпір-түкпірінен келген 500-ден астам студент мен оқушы, түрлі салада жетістікке жеткен бизнес және мемлекеттік қызмет өкілдері бір алаңда бас қосты. Кәсіби мамандар мен кәсіпкерлер өз өмірлік тәжірибесін айтып, жастарды дамуға және мансап жолында алға ұмтылуға шабыттандырды.
Кездесуде облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдан бөлек, оның орынбасарлары, мемлекеттік қызметшілер, құрылысшылар, инженерлер мен табысты кәсіпкерлер болды. Бәрі де кәсіби шыңдалудың нақты мысалдары. Көпшілігі қарапайым қызметтен бастап, бүгінде компаниялар басқарып, жаңа буын мамандарды қалыптастыруға үлес қосып жүр.
Нұрдәулет Қилыбай — Маңғыстау облысының әкімі:
- Міндетті түрде мұнайшы болу керек емес. Яғни басқа да жұмыс жасап адам өзіне деген. Бұл жастар енді қалай болғанда біреуге еліктейді. Үлкен азамат болғысы келеді. Сондықтан біз көрсетуіміз керек: қиыншылықтан өту керек, жұмысшы болу керек, жұмыстан қашпау керек екеніні айтып береміз қазір.
Үш сағатқа созылған ашық диалогта жастар жалақы, тәжірибеден өту, мансаптық өсу және жоғары білімсіз мүмкіндіктер жайлы сұрақтар қойды. Сонымен қатар стартаптарды қолдау мен техникалық шығармашылықты дамыту мәселесі талқыланды.
Әлима Әліжанова — пошта саласының қызметкері:
- Өзім үшін 2025 жыл — мамандықтар жылы өті сәтті болды. Ең төменгі лауазымнан бастадым оператор қызметінен. Сол үшін жастарға айтарым ешқандай да жұмыстан қашпау керек. Ол төменгі лауазым болса да. Бірінші бастап жұмыс жасап көру қажет. Бағын сынап, жалпы дұрыс деп есептеймін.
Маңғыстауда жұмысшы мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Электрик, дәнекерлеуші, механик сияқты мамандар ел экономикасындағы сұранысқа ие кадрлар. Қазір өңірдегі 26 колледжде 22 мыңнан астам студент білім алады. Басым бөлігінің оқуын мемлекет өтейді. Заманауи жабдықтар мен жаңа бағдарламалар жастарға болашағы бар нақты мамандық алуына жол ашады.
Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Тамара Степанова, Ренат Дусалиев.