Бүгін Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға үкім шығарылды. Сот оларды ұрлық пен алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тапты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналистерді сот залына кіргізбеді, бірақ Zoom арқылы жүргізілген трансляцияға қарағанда, Ғайни Алашбаева судьяның үкімін сабырмен тыңдаған. Перизат Қайрат экранда көрінген жоқ.

Сот отырысынан кейін сотталғандардың адвокаты Асланбек Дәуелтияров журналистерге пікір білдірді. Одан үкім жарияланғаннан кейін Перизат Қайрат пен оның анасы жылаған-жыламағаны сұралды.

"Мен онымен (еск. – Перизат Қайрат) сөйлесе алмадым, үкім жарияланғаннан кейін оны бірден алып кетті. Мұндай ұзақ мерзім тағайындалғандықтан, әрине, ауыр қабылдады. Олар ауыр эмоционалды жағдайда болды (...) Бірақ олар жыламады", — деді адвокат.

Қорғаушы тергеу изоляторына баруды жоспарлап отырғанын және жақын арада аппеляциялық шағым түсіруге дайындалатынын айтты.

Еске салайық, бүгін Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік мекемесінде 10 жылға, ал Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Әйелді сот залында қамауға алды. Сот отырысы жабық режимде өтті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget