Қосшы қаласында үлескерлер 11 жыл күткен үй қолданысқа берілді.

Шаһардың туған күні қарсаңында 110 отбасыға баспана кілттері салтанатты түрде табысталды. Жергілікті билік аяқсыз қалған жобаға инвестор тартып, жер телімін ұсынған. Компания үлескерлерге тиесілі пәтерлерді беріп, қалған аумаққа өзге тұрғын үйлер салды. Оларды әкімдік баспана кезегіндегі отбасылар үшін сатып алады.

Ақылбек Сапаров, Қосшы қаласының тұрғыны:

- Үйдің сапасы өте жақсы. Аулаларына дейін ерекше салынған. Қаладағы үйлерден кем деп айта алмаймын. Өте сапалы. Мен өзім 2 бөлмелі үй алып отырмын.

Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:

- Қосшыда 120 мыңға жақын тұрғын тұрады. Сондықтан қалаға пәтер керек. Келесі кезек тағы да осындай проблемасы бар үлескерлер бар Diamond park деген. Соған көшпекшіміз. Сол үлескерлердің қажетті проблемаларын шешеміз. Мынау тұрғын үй кещені 8 айдың ішінде салынды.