Черногория астанасында Абай орталығы ашылды.
Подгорицаның Ұлттық кітапханасындағы мұндай салтанатты шара қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырылып отыр. Мамандар бұл орталықтың Қазақстан мен Черногория арасындағы мәдени ынтымақтастықтың символы болатынына кәміл сенеді.
Биыл қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы тек елімізде емес, өзге мемлекеттерде де кең көлемде аталып жатыр. Бұған дәлел – Черногорияның астанасы Подгорицадағы Абай орталығының ашылуы. Салтанатты шараны өткізуге Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық академиялық кітапхана және бірқатар ұйым қолдау көрсеткен. Ал ашылуына Черногория Премьер-министрінің және Подгорица мэрінің орынбасарлары қатысты.
Күміс Қармақбайқызы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры:
Абай орталығындағы экспозицияға Қазақстаннан арнайы әкелінген материалдар қойылды. Көрермен назарына Абай Құнанбайұлының әртүрлі тілдегі шығармалары, оның өмірі мен мұрасына арналған аудио және бейнематериалдар ұсынылды. Ал экспозициядағы ең ерекше элемент – Абайдың музыкалық, философиялық және поэтикалық мұрасының символына айналған үш ішекті домбыра болды.
Күміс Қармақбайқызы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры:
Черногориядағы Абай орталығы шетелдегі қазақ мәдениетін ілгерілетуге және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайтуға елеулі үлес қосатыны сөзсіз.
Альмира Оразбай