Жапон ғалымдары Даун синдромын емдеудің тың тәсілін ойлап тапты. Зерттеушілер жаңа технологияның көмегімен дертті тудыратын хромосоманы жоюға болады деп отыр.

Тәжірибелер зертханалық деңгейде жүргізілді. Ғалымдардың бұл әдісі 38% тиімділігін көрсетті. "Әзірге клиникалық тұрғыда қолдануға әлі ерте дейді", — мамандар. Дегенмен, бұл жаңалық Даун синдромының алдын алу мен емдеуге тың серпін бермек.