АҚШ пен Еуропалық Одақ сауда келісімін жасады .
Бұл туралы Шотландияда Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен мен Дональд Трамптың кездесуінен кейін мәлім болды. Осыған дейін Трамп Еуропа елдеріне 30%-дық баж салығын енгіземін деген еді. Енді тараптар өзара мәмілеге келеді. Алайда, Трамп Брюссель үшін бұл салықты 15%-дан төмендетуге ниетті емес. Келісім аясында Еуропалық Одақ АҚШ-тан 750 миллиард доллар көлемінде энергия ресурстарын сатып алуға және 600 миллиард доллар көлемінде АҚШ экономикасына инвестиция салуға келісті.