Павлодарда терезеден балаларын лақтырып, артынша өзі секірген әйелдің және балалардың жағдайы белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зардап шеккен балалар облыстық балалар ауруханасына сағат 13:20-да жеткізілген.
"2024 жылы туған бала клиникалық өлім жағдайында жеткізілді, қабылдау бөлмесінде жансақтау шаралары жүргізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. 3-дәрежелі травматикалық шок, 3-дәрежелі кома, бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегі зақымдануы, ішкі ағзалардың жарақаты салдарынан жағдайы өте ауыр", — деп жазылған хабарламада.
2017 жылы туған баланың бас сүйегі жарақаттанған, миы шайқалған, жамбас сүйегі сынған, ішкі ағзалары зақымданған. Оның жағдайы да ауыр, аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған.
1991 жылы туған әйел есін біледі, жағдайы ауыр деп бағаланады. Бас-ми жарақаты, аяқ-қол сүйектерінің сынуы диагнозы қойылған. Жансақтау бөлімінде қарқынды терапия жүргізіліп жатыр.
Облыстық Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткені хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!