Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметте өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазір елімізде «Достық – Мойынты» және «Алматы қаласының айналма жолы» жобалары аяқталу сатысында. Келесі жылы «Мойынты – Қызылжар», «Дарбаза – Мақтаарал» жобалары аяқталады. Ал 2027 жылы «Бақты – Аягөз» жобасы іске қосылады.

Сондықтан жолаушы тасымалдау саласын жаңа вагондармен толықтыру жоспарланған.

«Жыл соңына дейін 175 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр. Әуе хабтарын дамыту және әуе жүктерінің көлемін арттыру мақсатында әуежай инфрақұрылымы жаңғыртылуда, кедендік рәсімдер жеңілдетілуде, цифрлық шешімдер енгізілуде. Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында әуежай құрылысы басталды. Автокөлік жолдары саласында 12 мың шақырым жол құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылған, оның 7 мың шақырымын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған», деді Р.Скляр.