Түркістан облысында бір жастағы сәбиді көшедегі әжетхананың терең шұңқырынан құтқарып алды, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы.
Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Оқиға кезінде бала абайсызда әжетхананың шұңқырына құлап кеткен. Ата-анасы мен ересектер оны өз бетімен шығара алмай, құтқару қызметін шақыруға мәжбүр болған.
Оқиға орнына келген қауіпсіздік қызметінің мобильді тобының аға өрт сөндірушісі Руслан Куанышбек арнайы құралдардың көмегімен шұңқырдың түбіне түсіп, сәбиді шығарып алды.
Құтқарушылар баланы өте тар тесік арқылы абайлап шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды.