Ош қалалық соты Қырғызстанның Ош қаласының қазысы Мирланбек Токтомушевты бір айға (2025 жылғы 18 маусымға дейін) үй қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады. Ол алаяқтық жасады деген күдікті ілінген. Бұл туралы Ош облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Kaktus Media.
Басылым ұсынған деректерге сүйенсек, сот Ош және Ош облысы бойынша МҰҚК Бас басқармасының тергеушісінің өтінішін қанағаттандырмаған. Бұлтартпау шарасын қабылдау кезінде сот Токтомушевтің бұған дейін сотталмағанын, тұрғылықты тұратын барын, кәмелетке толмаған екі баласының, сонымен бірге денсаулығында проблемалар барын (медициналық көрсеткіштер бойынша қамауда ұстау мүмкін еместігі туралы анықтама ұсынылған) ескерген.
Т. М. Б-ға қатысты ҚР ҚК 209-бабы 2 және 4 бөлігі "Қызмет бабын пайдалану арқылы айтарлықтай көлемде іске асырылған алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалған.