Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өткен садақ атудан Әлем чемпионатында қола медаль иеленді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Блокты садақтан топтық жарыста Қазақстан құрамасының мүшелері, Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Роксана Юнусова, үшінші орын үшін өткен кездесуде Ұлыбритания командасын 232:228 есебімен жеңді.

Бұл қазақстандық мергендер үшін көптен күткен жетістік: бұған дейін біздің құраманың қоржынында Әлем чемпионатының небәрі бір ғана медалі болған. 1993 жылы Яна Туниянц классикалық садақ атудан қола жүлде алған еді.

Осылайша, өткен 32 жыл жаңа табысты күткен кезең болды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget