Танымал актриса Жания Джуринская өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына кеудесін жалаңаштап түскен фотосын жүктеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол жақында ғана кеудесі мен бөксесіне пластикалық ота жасатқан. Өнер иесі бұл отаны ұзақ уақыт бойы армандағанын айтқан болатын.
"Босанудан кейін 1 жыл өтеді және сен қайтадан құлпырып шығасың", — деп жазды ол.
Алайда Жанияның бұл ашық образы желі қолданушыларының наразылығын тудырды.
"Бұрын өнер адамдарын талантына қарап бағалайтын еді. Қазіргілер бөксе мен кеуде арқылы танылып жүр", "Табиғи болса мақұл, жасанды ғой", Жасасаң өзің үшін жаса, бірақ оны жалпақ жұртқа жария етудің не керегі бар?", "Күйеуің қалай қызғанбайды?", — деп жазды.