Бөлімдер
Пікір

35 жастағы ақтөбелік келіншек 12 баласын дүниеге әкелді

35 жастағы ақтөбелік келіншек 12 баласын дүниеге әкелді

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық перзентханасында 35 жастағы келіншек 12 баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Диапазон басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, жаңа туған нәрестенің аты – Мұхаммед-Әли. Анасы мен ұлы 27 мамырда перзентханадан үйлеріне шығарылған.

“Бұл әйелдің – он бірінші жүктілігі, он екінші рет босануы. Осылай саналады, себебі егіз балалары бар. Ол кісі біздің Шалқар аудандық ауруханасында есепте тұрды. Дүниеге келген ұл баланың салмағы – 3400 грамм, бойы – 55 см.

Дүниеге келген кезде және перзентханадан шығаратын уақытта сәбидің жағдайы қанағаттанарлық, ешқандай шағым болмады. Анасымен бірге үшінші тәулікте үйлеріне шықты”, — дейді Шалқар аудандық ауруханасының дәрігер-неонатологы Жанна Досова.

Айта кетейік, бұған дейін №66 “Астана – Жезқазған” бағытындағы пойызда қыз бала дүниеге келгенін жазған едік.